13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселесі талқыланды

18 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселесі талқыланды
42
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаевамен кездесіп, шаһардағы әйелдердің көшбасшылығын дамыту мәселесін талқылады.

Іссапармен келген мейман қала әкіміне әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Қазақстанның Әйелдері Күштері Альянсы» қоғамдық ұйымының жұмысы туралы баяндады. Жуырда осы үкіметтік емес ұйымның қаладағы филиалы өз жұмысын бастаған болатын.

Шымкент қаласында бұған дейін кәсіпкер әйелдердің басын біріктіретін «Іскер әйелдер қауымдастығының» филиалы жұмыс істеп келген. Қалада жаңадан жұмысын бастаған альянс әйелдер мен балалардың құқықтары мен денсаулығы және әлеуметтік бағыттағы білімін жетілдіруді көздейді.

Әйелдердің жағдайын жақсартуға арналған ұйым 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын бекітіп, 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.

Қоғамдық бірлестік жол қарта негізінде өзекті мәселесіне айналған әйелдер мен балалардың отбасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, осал санаттағы әйелдердің әлеуметтік мәселесін шешу, денсаулығын нығайту, әйелдердің қоғамдағы шешім қабылдау деңгейін көтеру, мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын секілді бастамаларды жүзеге асырады.

Қауымдастықтың Шымкент қалалалық филиалының жетекшісі болып Жаннета Жазықбаева тағайындалды.

Кездесуде Раушан Біргебайқызы қала әкімін 21 мамыр күні Түркістан қаласында өтетін «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумына шақырды.

Қала әкімі қала қоғамда әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған, өз нәтижесін беретін жобаларды қолдайтынын айтып, Р.Сәрсембаеваға өз алғысын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

В Шымкенте одобрены заявки на субсидирование арендной платы около 500 граждан

Next Post

Шымкентте ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледі   

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі