13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды

18 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биылғы жылы 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылатын болады. Жалпы бүгінге дейін 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды.

Аталған жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында түнгі уақытта сызылуда.

Бүгінгі түнде жүргізілген жұмыстар барысында:

▪️Бақбаев көшесінің жол сызықтары

▪️Тайманұлы көшесінде орналасқан мешіт тұсындағы жаяу жүргінші өткелі

▪️Әділбек Керімше және Аманқұлов көше қиылыстарындағы жаяу жүргінші жолы

▪️Рысқұлбеков-Мәделі қожа көшелері қиылысындағы бағдаршамды жаяу жүргіншілер өткелі

▪️1 мамыр көшесінің Театральная және Жарқынбеков көшелері аралығы жаңартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Яғни биылғы жылы 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады.

Сонымен қатар Шымкенттегі №26 бағыттағы автобустар жаңаланды.Қала тұрғындары тарапынан  әлеуметтік желілерге және lKomek ситуациялық орталығына №26 бағыттың аралық интервалына және автобустарының ескілігіне шағымдар жасалған болатын.

Осы шағымдарды ескере отырып, №26 маршрутта қызмет көрсеткен «МАN Оңтүстік» тасымалдаушы компаниясымен арадағы келісімшарт біржақтама бұзылды. Қазіргі уақытта маршрутта жаңа, Yutong маркалы, кең сиымдылықты 10 автобуспен (демалыс күндері -8) «Shymkent Bus» тасымалдаушы компаниясы өз есебінен қызмет көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, №26 маршруттың қозғалыс сызбасы Барыс базары мен Фосфор ауруханасы  аралығында қызмет көрсетеді.

Previous Post

Автобусную проблему шымкентцев решили после встречи с акимом

Next Post

Педагогтар оқушысының жетістіктері арқылы бағаланады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі