13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Педагогтар оқушысының жетістіктері арқылы бағаланады

18 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Педагогтар оқушысының жетістіктері арқылы бағаланады
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Педагогтардың қызметін бағалау кезінде де үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегеніне емес, дәстүрлі түрде жетістікке жеткен оқушыларының нәтижесіне көбірек назар аударылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Білім берудің маңызды аспектілерінің бірі – инклюзивтілік. Әртүрлі топтағы оқушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға, қиын өмірлік жағдайдағы отбасы балаларына және т.б. қолдау көрсету біздің жұмысымыздың басым бағыты. Біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзия бойынша қамту үшін кешенді жұмыс жүргіземіз»,-дейді министр.

Оның сөзінше, көптеген зерттеу дарынды оқушыларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы балаларды да қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Елімізде дарынды балаларды қолдау бағытында жоғары оқу орындарына іріктеу жүйесі, университет гранттарын бөлу, дарынды балаларға арналған арнайы мектептер, түрлі олимпиадалар, байқаулар өткізу сынды ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын да айта кеткен жөн.

Педагогтарды бағалау кезінде де үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегеніне емес, дәстүрлі түрде жетістікке жеткен оқушыларының нәтижесіне назар көбірек аударылады. Әрине оны әділ деп айтуға болады. Емтихан тапсырып, ең жоғары балл алған, яғни ең мықтысы жеңіске жетеді деп. Бірақ ата-аналар дарынды балаларға арналған мектептерге түсу үшін репетитор көмегіне жүгініп жататыны да жасырын емес. Әдетте әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен отбасылардың мүмкіндіктері бірдей емес. Бұл меритократияның «қараңғы» тұсы. «Теориялық жағынан іріктеу барлығына тең және әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек, бірақ іріктеу жүйесі әлі де толықтыруды қажет ететінін көріп отырмыз. Сондай-ақ бұл жерде меритократия мен инклюзивтіліктің тепе-теңдігін сақтау маңызды»,-деді Асхат Аймағамбетов.

Previous Post

Шымкентте 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды

Next Post

Шымкентте Иляев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі