13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жаңа мемлекеттік жүйе – ашық қоғамды қалыптастырады

16 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Жаңа мемлекеттік жүйе – ашық қоғамды қалыптастырады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бекжанов Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, мәслихат депутаты Қайрат Сүлейменов, Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы  Гүлжайна Жартыбекова, «Көркем» БПҰ төрайымы Гүлайым Шунгараева қатысты.

Конституцияға енгізілетін өзгерісті жалпыхалықтық референдум арқылы халықпен кеңесіп, қабылдау игі бастама. Мемлекет басшысының жариялаған бұл үндеуі – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығының кепілі. Саяси сындарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгінің кешенді өзгеруіне бағытталған.

▫️Мемлекет басшысы: «Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет» — деп атап өткен болатын.

«Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Жаңа Қазақстан дегеніміз – бұл Әділетті Қазақстан. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек», — деді Ж.Бектаева.

Tags: 13kz13kz.kz13кзAMANATШымкент
Previous Post

Жалпы халықтық референдум өткізудің маңыздылығы түсіндірілді

Next Post

AMANAT: Жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі