13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ОБЛЫСТА 107 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ 15 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛДЫ

2 июня, 2020
in Қоғам
0
ОБЛЫСТА 107 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ 15 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында төтенше жағдайға байланысты 2 ай мерзімге коммуналдық төлем үшін дербес шоттарға 15 мың теңге жәрдемақы төлемдері жүріп жатыр. Түркістан облысы тұрғындары Telegram әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkіstan Bot» немесе call-орталық арқылы өтінім жолдап жатыр.
Әр аудан, қалаларда жеке call-орталықтар жедел қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда, жалпы тұрғындардан түскен өтінімдер саны – 154 028, оның ішінде 107 496 өтініш мақұлданған. Қара лып жатқаны — 42 583 өтінім. Кері қайтарылғаны — 3 919. Қазіргі таңда тұрғындардың дербес шоттарына – 701 491 584 қаржы аударылған. Өтінімдердің кері қайтарылу себебі, бір отбасыдан 2 адамнан көп өтінім жолдаған және тұрғылықты мекен-жайын дұрыс таңдамаған, сондай-ақ дербес шоттарын дұрыс ұсынбаған өтінімдер кері қайтарылған.
Тұтынылған коммуналдық қызметтерге: газ, электр энергиясы, жылу, ауыз су және кәріз жүйелерінің қызметі үшін тұрғындардан түскен өтінімдер бойынша өтемақы толық төленді. Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен бұйрығына сәйкес, өтінімдерді қабылдау маусым айының 25 — не дейін жалғасады.
Өтеу келесі санаттағы азаматтардың немесе олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында коммуналдық қызметтер бойынша дербес шоттары болған жағдайда берілетін болады.
1) І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
2)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және осыларға теңестірілген адамдар;
3)Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4)Көпбалалы отбасылар;
5)ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6)Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
7)атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 18 ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Next Post

ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі