13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 18 ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

2 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 18 ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

кіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқаттың тұрғын үй мәселесімен тікелей байланысты екенін және болашақта тұрғын үй құрылысы Үкімет жұмысындағы басымдықты бағыт болуы тиіс екенін атап айтты. Сонымен қоса, тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсімнің локомотиві бола алады. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының барысы туралы PrimeMinister.kz сайтында жарияланды, — деп хабарлайды «Turkistan-media» ақпараттық порталы

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекет саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру және ағымдағы құрылыс көлемін қолдау үшін Мемлекет басшысы Үкіметтің «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосымша 390 млрд теңге қаражат бөлу туралы ұсынысын мақұлдады.

Түркістан облысында 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.
2020 жылы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 40 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, жыл қорытындысымен 18 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша ағымдағы жылы тұрғын үйлер құрылысы үшін барлығы 30 инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысына 3,5 млрд теңге бағытталды.

Жыл қорытындысы бойынша 28 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 2 нысан 2021 жылға өтпелі.

2019-2020 жылдары 0,35%-бен құнды қағаздарды (облигация) сату есебінен 7 қабатты 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, нысандар 2020 жылы пайдалануға тапсырылады.

Сонымен қатар, құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты 64 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге 4,25%-бен 14,2 млрд теңге бөлінді.

Облыстағы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА

Next Post

ОБЛЫСТА 107 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ 15 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі