13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жас ғалымдар қанттың орнын басатын дәрілік өсімдік өсіруде

3 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жас ғалымдар қанттың орнын басатын дәрілік өсімдік өсіруде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универстетінде болып, Stevia өсімдігінен табиғи тәттілендіргіш өндіру ғылыми жобасымен танысты.

Жоба жоғары оқу жылыжай кешенінде  қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек алынатын стевия өсімдігін өсірілуде. Жас ғалымдар оны болашақта өндіріске енгізуді де көздеп отыр. Ғылыми жобаның жетекшісі, PhD докторы, Абдуғани Азимов.

«Бал шөбі» деген атқа ие болған стевия өсімдігінің жапырақтарынан өндірілген табиғи өнім қолданыстағы қанттан 15 есе тәтті. Мұны қантпен алмастырумен бірге фармацевтикалық бағытта қолдануға болады. Бұл өз кезегінде одан алынатын дәрі-дәрмек өнімдерінің қарапайым азаматтар үшін қолжетімді болуына сеп болмақ.

—Қазір әлемнің алдынғы қатарлы елдері осы өсімдікті өсіруге көңіл бөліп отыр.  Себебі,  стевиядан алынатын  биология қоспа қант диабетін емдейтін, ас қорыту жүйесінің жұмысын реттейтін және жүйке жүйесіне оң әсерін тигізетін қасиетке ие. Біз осы дәрілік өсімдікті өз елімізде өсіріп, өндіріске енгізуді көздеп отырмыз, —дейді жобаға жетекшісі А.Азимов.

Ыстыққа төзімді, ашу процесіне ұшырамайтын, өнімдердің дәмін қанық ететін табиғи тәттінің бағасы қолданыстағы қанттан арзан келеді. Одан бөлек, 5 кг стевиозид 1 тонна қанттың тәттісін береді.

Стевия жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан Қазақстанның климатына төзімсіз әрі өнуге бейімсіз келеді. Осыған байланысты жоба авторлары оны М.Әуезов атындағы ОҚУ жылыжайында көбейтуді қолға алуда. Заманауи құралдармен жабдықталған кешеннің топырағы өңделіп, қосымша минералды тыңайтқыштармен байытылған.

Стевия өсімдігінен өндірілетін қант еліміздің ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, тағамтану және экономика саласына оң серпін береді. Алдағы уақытты бұл өсімдікті өсіру қаладағы жылыжай кешендерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжас ғалымдарШымкент
Previous Post

Саяси жүйедегі оң өзгерістер

Next Post

Шымкент әкімі ауыл шаруашылығы нысандарын аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі