13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саяси жүйедегі оң өзгерістер

1 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Саяси жүйедегі оң өзгерістер
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының айтулы сәттері өтуде.  Ел Президенті бастаған саяси жүйедегі өзгерістерге   «AMANAT» партиясы жан-жақты қолдау көрсетуде. Мемлекет басшысы партия жұмысын халық игілігіне құруға айрықша мән берді.  Болашақ жеңістерге, ұзақмерзімді көшбасшылық стратегиясын тиімді жүзеге асыруға берік негіз қаланды.

Бүгінгі таңда елімізде өзгерістер ерекше қарқынмен жүріп жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде жүргізіліп отырған реформалар мемлекетіміздің саяси сәулетін кешенді қайта форматтауға, билік тармақтары арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Еліміз басқарудың суперпрезиденттік формасынан түбегейлі бас тартып, Парламенттің, мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейтіледі. Басымдықтардың бірі — партиялық-саяси саланы жаңғырту. Партиялық және сайлау заңнамасын ырықтандыру биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін нығайтады. Сайлаушылардың дауысы үшін бәсекелестік барынша өткірлене түседі.

Жыл басынан бері партияның бірнеше съезі өтіп, онда мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту жолында маңызды шешімдер қабылданды. Партияға ребрендинг жасау қолға алынып, оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Бүгінгі таңда нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты тың бастамалар туралы айтты. Оның ішінде қоғам тарапынан бірден қызу қолдау тапқан Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың маңызы жоғары. Осы ретте Президентіміздің ұсынысы халықтың талап-тілегі мен сұранысынан туындағанын атап өткім келеді.

Ендігі кезде ел болып бірігіп, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы өзгерістердің жаңа деңгейіне қадам басуға әрқашанда дайынбыз.

 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,

«AMANAT» партиясының фракциясы мүшесі

БАДРИТДИН НИШАНКУЛОВ

 

 

 

Previous Post

Түркістан: Жаңбыр суынан зардап шеккендерге 100 млн. теңгеден астам көмек беріледі

Next Post

Шымкентте жас ғалымдар қанттың орнын басатын дәрілік өсімдік өсіруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі