13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мұғалімдері тапшы өңірлерге үздік педагогтар тартылмақ

28 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мұғалімдері тапшы өңірлерге үздік педагогтар тартылмақ
262
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің ғимаратында мұғалімдер тапшылығы байқалған өңірлерге үздік педагогтарды тартудың тиісті қолдау шараларының пакеті бар арнаулы бағдарламасын түсіндіру мақсатында республикалық жиын өтті. Кездесуді Түркістан тоблысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова ашып, жүргізіп отырды.

Аталған жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім комитетінің педагогикалық кадрлармен жұмыс департаментінің басшысы А.Дюсембаева және Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының білім басқармалары мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталықтарының басшылары мен өкілдері қатысты. Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет пен аудандық, қалалық жалпы орта білім беру ұйымдарының директорлары және ұстаздары да жаңа бағдарламамен танысты.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған бұл басқосудың басты мақсаты – өңірлік білім беру жүйелерінде білікті ұстаздарды тарту мен тұрақтандырудың орнықты моделін құру және білім беру сапасын жақсарту.

Білім сапасын зерделеуде халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аталған бағдарлама еліміздің Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы білім саласындағы бірқатар факторлары негізінде үздік педагогтарды тарту қажеттігінен туындаған болатын. Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған спикерлер арқылы аталған өңірлерге бағдарламаны жүзеге асырудың механизмдері туралы түсіндіру жұмыстары қолға алынып отыр.

Сапалы білім беру қызметтерін көрсетуге айтарлықтай кедергі келтіретін проблема – ол әсіресе ауылдық өңірлерде білікті педагогтардың тапшылығы. Жоғарыда аталған өңірлер үшін сапалы білім алуға қолжетімділікті арттыру қажет.

Айта кетейік, Түркістан облысында бала туу көрсеткіші жоғары. Қазірдің өзінде өңірдің ауылдарындағы білім беру ұйымдарына 240 мұғалім тапшылығы бар. Атап айтсақ, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғаліміне – 54, математика пәні бойынша – 30, ағылшын тілі пәні бойынша – 22, физика пәні бойынша –12, химия –12, тарих пәні бойынша –13 және бастауыш сынып мұғалімдеріне 13 бос орын бар. Көп тапшылық байқалатын өңірлер: Жетісай – 34, Бәйдібек –33, Қазығұрт – 24, Төлеби – 24 және Мақтаарал – 20.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

Next Post

Түркістан: Жаңбыр суынан зардап шеккендерге 100 млн. теңгеден астам көмек беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі