13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

28 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді
191
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.

Бұл институт мемлекеттік органдардың ұйымдық-басқару қызметіндегі және олар шығаратын құқықтық актілердегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюдың нақты тетігіне айналды. Бұл туралы «Аntikor ortalyǵy» алаңында жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері мен комплаенс-офицерлермен өткен түсіндірме жұмыстары барысында хабарланды.

Аталған шараны ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытын іске асыру бойынша міндеттердің бірі болып белгіленгендігін хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік мекемелермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қолға алынған. Ал бүгінгі кездесу сол  талдаулардың  сапалы өтуін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.

Түсіндірме жұмысы барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, барлық салаларда кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері түсіндірілді. Талдау анықтамасын жасау кезінде жіберілетін кемшіліктер айтылып, оларды болдырмау жолдары мен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында қоғам белсенділерін тарту қарастырылды.

Сонымен қатар, мекемедегі жемқорлықтың алдын алудағы комплаенс-қызметтерінің маңыздылығы түсіндіріліп, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру ұсынылды.

Іс-шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алып, өткен шараға қатысты өз ойларын білдірді.

Previous Post

«Мобильді арбат» жәрмеңкесі шақырады

Next Post

Түркістан: Мұғалімдері тапшы өңірлерге үздік педагогтар тартылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі