13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көп функциялы «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасы таныстырылды

27 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Көп функциялы «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасы таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.

Мобильді қосымшаның функционалы:

1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;

2) кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;

3) қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;

4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;

5) жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;

6) оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);

7) кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, «E-Salyq Business»-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады.  Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған.

Осылайша, мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың барлық өмірлік циклі қарастырылған.

Ағымдағы жылы «E-Salyq Business»  қосымшасын алдағы уақытта фермерлер мен шаруа  қожалықтары да пайдаланатындай етіп, функционалын кеңейту жоспарланып отыр.

 

Previous Post

Шымкентте 1000 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда

Next Post

Мемлекеттік сатып алу саласында 100 млн теңгеден астам қаржы үнемделген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі