13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Балаларға арналған жәрдемақыға өтінішті қашан тапсыру қажет?

15 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Балаларға арналған жәрдемақыға өтінішті қашан тапсыру қажет?
Share on FacebookShare on Twitter

Балалар жәрдемақысы келесі айда түсу үшін өтінішті үстіміздегі айдың 20-на дейін тапсыру керек. Мысалы, егер сіз сәуір айының 20-на дейін тапсырсаңыз жәрдемақыны мамыр айында аласыз. Ал өтінішіңізді сәуір айының 20-нан кейін өткізсеңіз, әлеуметтік төлемдер мамыр айының бюджетіне бекітіліп үлгермейді, сондықтан жәрдемақы қолыңызға маусым айында тиеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалы хабарлады.
Жәрдемақыны үш жолмен ресімдеуге болады:
— ХҚО-ға жүгіну және тиісті құжаттарды тапсыру;
— Egov.kz порталы арқылы өтініш беру;
— Kaspi.kz, Halyk HomeBank банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
2021 жылы мемлекеттік корпорация әлеуметтік саладағы кейбір мемлекеттік қызметтерді алу үшін экстерриториалдық қағидатын енгізді. Енді жас аналар баланың тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақысын тұрғылықты жеріне қарамастан, елдің кез-келген ХҚО-сында рәсімдей алады. Қызмет тегін көрсетіледі және бала туғаннан кейін бір жыл ішінде өтініш білдіруге болады. Толығырақ ақпаратты 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айынан бастап филиал арқылы бала туу және оның күтімі бойынша 5 мыңнан астам жәрдемақы рәсімделді.
Сонымен қатар, ХҚО-ға келген балалы аналардың жайлылығы үшін Шымкент қаласының барлық бөлімдерінде Ана мен бала бөлмесі жұмыс жасайды.

Previous Post

Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарына өткен жылды қорытындылап есеп берді

Next Post

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі