13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарына өткен жылды қорытындылап есеп берді

14 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарына өткен жылды қорытындылап есеп берді
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өткен жылды қорытындылаған халық алдындағы есепті кездесуі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жалғасты. Бүгінгі кездесуге III, IV, V секторға қарасты 15 шағын ауданнан келген 600-ден астам тұрғын қатысты.

Қала басшысының есебін шымкенттіктер қала әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі instagram парақшасында тікелей эфир арқылы да тыңдады.

Форматы өзгерген есепті жиынды қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Жиынға қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мегаполис әкімі М.Әйтенов атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауданның даму бағытын баяндады, жыл басынан бері ауданды аралау барысында тұрғындар көтерген 22 мәселенің бүгінде 9-ы шешіліп, 13-і орындалу барысында екенін атап өтті.

Аудандағы 3, 4, 5 секторда  82 мыңға халық тұруда. Онда 10 мектеп, 20 балабақша,  198 аула, 26 спорт алаңшасы бар. Электр, ауыз су, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Кездесуге келген тұрғындар кәріз жүйесі, асфальт жол салу, жарықтандырылмаған 22 көшені жарықтандыру және  балалар ойын алаңшасын жаңарту мәселелері бойынша сауалдар қойды.

Қала әкімі әрбір сұраққа нақты жауаптар беріп, ұсыныстарды тыңдады. Халық қатысатын бюджет жобасы бойынша биыл 32 балалар ойын алаңшасын орнату, аудандағы 7 көшеге асфальт төсеу және 8 көшені жарықтандыру, кәріз жүйелерін жүргізу бойынша жұмыстарды кеңінен баяндады.

Сауалдар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте мемлекеттік қызметтер бойынша кезекті онлайн жәрмеңке өтті

Next Post

Балаларға арналған жәрдемақыға өтінішті қашан тапсыру қажет?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі