13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда алғаш рет Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтуде

14 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда алғаш рет Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Ер түріктің бесігі Түркістанға — Алтын бесік Ақтөбеден» атты мәдениет күндері бастау алды. 14-15 сәуір аралығында өтетін тағылымды шараның ашылу салтанаты Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы этноауыл аумағында басталды. Онда театрландырылған көрініс, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері және дәстүрлі әншілердің концерттік бағдарламалары қойылады. Бұл туралы брифингте Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мәлімдеді.

Сонымен қатар, мәдениет күндері аясында ақтөбелік өнерпаздар Түркістан музыкалық драма театрында қос қойылымды көпшілік назарына ұсынбақ. Атап айтқанда, Ғ.Жұбанова атындағы филармониясының әртістері И. Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық спектаклін, «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасын сахналайды.

«Екі облыс арасындағы рухани-мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында үлкен дайындықпен келіп отырмыз. «Farab» кітапханасында «Алтын аймақ — Ақтөбе», «Ақтөбе облысының аса көрнекті архитектуралық ескерткіштері» фотокөрмелері, «Ақтөбе — әдебиет ордасы» жергілікті ақын-жазушылардың кітап көрмесі, кездесу кеші өтеді. Кітапхана алаңында «Алақай» облыстық қуыршақ театры ашық аспан астындағы «Жадыра, жайна достар» тақырыбында балаларға арналған қойылымы қойылады», — деді Бұлбұл Ораққызы.

Бұдан бөлек, «Керуен сарай» туристік кешенінде ақтөбелік әншілер «Алтын аймақ — Ақтөбе» концерттік бағдарламасын ұсынатын болады. Сондай-ақ, облыс орталығындағы Эко-базарда Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Жәрмеңкеде ет өнімі және азық-түлік нарық бағасынан 10-15 пайыз арзандатылған бағамен сатылымға шығарылады. Екікүндік мәдениет күндері Түркістан қаласындағы Конгресс-холл сарайындағы «Сәлем, Түркістан» гала-концертімен қорытындыланады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Әскери прокуратура органдарының қызметіндегі әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға қатысты басым бағыттары

Next Post

Шымкентте мемлекеттік қызметтер бойынша кезекті онлайн жәрмеңке өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі