13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери прокуратура органдарының қызметіндегі әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға қатысты басым бағыттары

14 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Әскери прокуратура органдарының қызметіндегі әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға қатысты басым бағыттары
Share on FacebookShare on Twitter

Гарнизондағы үйлестіру рөлінің артуынан, әскери нысандардың және құқық қорғау органдарының басшылығымен конструктивті қарым-қатынастың нығаюынан соң заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы заңға сәйкестендірілді.

Бұл ретте, әскери қызметшілердің арасындағы әлеуметтік шиеленіс ошақтарының шұғыл түрде алдын алу мақсатында, гарнизонның әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.

Сонымен, әскери прокуратура 2022 жылдың өткен кезеңіндегі заңдылықты қадағалау жұмыстарының нәтижесінде, Шымкент гарнизонында орналасқан Қорғаныс министрлігіне бағынышты әскери бөлімдердегі 170 әскери қызметшінің құқықтарын қорғады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сәйкес, еліміздің азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 101-2-бабы 5-тармағына (әрі-қарай – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.2018 жылғы №49 қаулысымен бекітілген «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының» 41-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімдері және есеп-қисаптар бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.

Одан бөлек, Заңның 101-2-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.2018 жылғы №50 қаулысымен бекітілген «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларының» 9-тармағына сай, ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ақшалай өтемақы алушының жеке арнайы шотына аудару арқылы төленеді.

Алайда, 2021 жылы әскери бөлімдердің жоғары тұрған қолбасшылығының жауапты лауазымды тұлғалары өздеріне жүктелген міндеттерін тисінше орындамағандықтан 170 әскери қызметшінің алдында ақшалай берешек туындап, 511 148 405 теңге көлемінде біржолғы тұрғын үй төлемдерін және ақшалай өтемақыны төлемегендіктен олардың құқықтары бұзылған.

Әрі-қарай, анықталған бұзушылықтар бойынша гарнизонның әскери прокуратурасы әскери бөлімдердің мекенжайына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізгеннен кейін, әскери қызметшілердің алдындағы берешек толығымен төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Е. Сыздықов

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры

әділет капитаны                                                                         

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері ресейге жөнелтілді

Next Post

Түркістанда алғаш рет Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі