13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экология

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІН ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭКОЛОГТАР ДА АТАП ӨТТІ

6 июня, 2020
in Экология
0
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІН ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭКОЛОГТАР ДА АТАП ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассемблеясының бекітуімен 5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып аталып келеді. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнін жариялаудың негізгі мақсаты – ғаламшар тұрғындарын, адам және табиғаттың үйлесімді ара қатынасы мәселелерін шешуге жұмылдыру болып табылады.

Осыған орай, Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және осы басқармаға қарасты «Жасыл аймақ» мекемесі облыстық Экология департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, сенбілік ұйымдастырды. Айта кету керек, қоршаған ортаны жақсарту мақсатында облыс орталығы Түркістан қаласында жасыл желектерді отырғызу акциялары тұрақты түрде жүргізілуде.
Бұл тұрғыда облыс әкімдігінің «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2019-2021 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 2020 жылы 1031 гектар жерге 471 мың дана көшеттер егу жоспарланып, нақты бүгінгі таңға 778 га жерлерге 404 мың дана көшеттер егілген.
Ал Түркістан қаласының аймағында «Жасыл белдеу» құру мақсатында:
2019 жылы – 2300 га — 1044,0 мың;
2020 жылы 1235 гектар жерге 1387,0 мың дана көшеттер егілген.
Облыс бойынша көктемде 1247 гектар жерде мәдени орман алқабы құрылды. (көшет саны – 1393,7 мың дана)
Түркістан қаласын көгалдандыру үшін қажетті көшеттермен қамтамасыз ету мақсатында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» мекемесі арқылы 300 га жерге орман питомнигі әзірленген. Ол жерде қазір 1030,5 мың дана көшеттер өсірілуде.
Басқармаға қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне бекітілген орман қорының жерлері 3 млн 131 мың гектар. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқап 1 млн 615 мың гектар немесе 51,6%.
2019 жылы орманмен көмкерілген алқап 10 987 гектарға көбейді.
2020 жылы орман қоры жерлерінде 11 500 га жерге мәдени орман екпелерін (сексеуіл) егу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда басқармаға қарасты мекемелердің питомниктерінде 7,1 млн-ға жуық әр түрлі ағаш-бұта өсімдіктерінің көшетері өсірілуде. Осылай деген Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев Түркістан қаласы алдағы жылдар ішінде жасыл желекке айналатындығын жеткізді. Ол үшін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес киелі шахар аумағы толықтай ағаш көшеттерімен айналдыра қоршалатын болады. Осыған сәйкес Түркістан қаласы бойынша жалпы көлемі 9 мың гектарға ағаш екпелерін егу жоспарланса, соның бүгінде 3 мың гектардан астамына көшеттер қондырылып үлгерген.
Бүгінгі таңда, еліміздің әрбір тұрғыны ауаның таза болуын, ормандардың жасыл болып қалуын қалайды. Әрбір адамзат қалыпты өмір сүру үшін қоршаған ортамызды аялап, экологиямызды сақтай білуі тиіс.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЕРІКТІЛЕР САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ "ҚАЛТАДАҒЫ ХҚО" АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ

Next Post

ШӨКЕЕВ ТӨЛЕБИДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫН БАҚЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі