13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Бокстан Әбдісалан Нұрмаханов турнирінің жеңімпаздары анықталды

5 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Бокстан Әбдісалан Нұрмаханов турнирінің жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде ересектер арасында бокстан халықаралық деңгейдегі тартысты сайыс аяқталды. Атақты боксшы, ұлттық құраманың бас бапкері болған Əбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнир бір аптаға созылып, жеңімпаздары анықталды.

Шаршы алаңға шыққан талантты Түркістан облысының боксшылары алғашқы күннен бастап бас жүлдеге үмітті болды. Ринг қожайындары 5 алтын, 1 күміс жəне 5 қола еншіледі. Еліміздің талантты спортшысы, 51 келі салмақта жеңімпаз атанған Жомарт Ержан бұл турнирде жолы болғанын жеткізді. Жерлесіміз турнирдің «Үздік боксшысы» атанды.

Биыл 28-ші рет ұйымдастырылған бұл доданы Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жарыс жеңімпаздарын облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен Түркістан облысының жоғары шеберлер спорт мектебінің директоры, білікті спорт маманы Нұрмахан Мелдехановтар құттықтады. Сонымен қатар жарысқа арнайы қатысқан, кезінде бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған Дамир Буданбеков те қатысып, жігіттерге құрмет көрсетті.

Халықаралық турнирдің бас төрешісі Ержан Оспанбаевтың айтуынша, бұл рингтің көркін қыздырған турнирде еліміздің боксшылары өз мықтылықтарын көрсетті. Шаршы алаңда алтын медаль алғандар қатарында 57 келіде сынға түскен Түркістанның өкілі Мадияр Қыдырəлі мен 63,5 келіде бағы жанған Əбдікəрім Əбдіғалым бар. Бұдан басқа 92 келіде қарсылас шыдатпаған Абзал Құттыбеков пен +92 келі салмақта Нұрлан Сапарбай да жеңістің шыңын бағындырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Құрсайлықтар биыл сапалы суға қол жеткізеді

Next Post

М. Әйтенов Әл-Фараби ауданының даму бағытын баяндады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі