13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құрсайлықтар биыл сапалы суға қол жеткізеді

4 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Құрсайлықтар биыл сапалы суға қол жеткізеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 2021 жылы ауызсумен қамту үшін 3 магистралды суаққы мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Ауызсу мәселесі түбегейлі шешімін тапқан елді мекендер: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын аудандары. Нәтижесінде сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті.

Қала әкімі өз баяндамасында биылғы атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.

Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-і ауызсумен толық қамтылған, Құрсай, Сайрам және Қайнарбұлақ тұрғын алабына су кестемен беріледі.

Биыл кестемен су алып отырған елді мекендер мен Нұртас су жинағыш магистралының құрылысы жүреді. Жыл соңына дейін Құрсай мен оның жаңақұрылыс аумағы ауызсумен қамтылуы жоспарланып отыр.

Ал, Сайрам мен Қайнарбұлақ т/а және Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі. Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Нәтижесінде 2023 жылы Шымкент қаласының ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

«Visit Shymkent» І тоқсанда 1000-ға жуық адамға экскурсия өткізді

Next Post

Түркістан: Бокстан Әбдісалан Нұрмаханов турнирінің жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі