13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Fashion day» сән көрсетілімі өтті

19 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Fashion day» сән көрсетілімі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Наурыз мерекесін тойлаудың «Шымырлық пен шеберлік» күні. Осы күнге орай,  «Шымқала» этноауыл тарихи кешінінде «Fashion Day» дизайнерлік сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Орта Азия елдері және Қазақстанның танымал дизайнерлері өздерінің ұлттық нақыштағы көктемгі киім топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Қонақтар сән үлгілерін тамашалап қана қоймай, сатып алу мүмкіндігіне ие.

Шымкент – демографиялық өсімі бар қала болғандықтан бүгінгі сәнді киімдердің басым бөлігі жас аналар мен балаларға арналған. Қызғалдақтар қаласында өтіп жатқан мерекеде дизайнерлер ұсынған «Қызғалдақ» коллекциясы қаланың символымен әсем табиғатын және көріктілігін әйгілейді.

Мерекелік шара балаларға арналған бағдарламаға жалғасты. Жас сәнқойларға арналған авторлық жинақтармен бірге, түрлі шоу мен би флэщмобтары көрсетілді.

Өзінің авторлық  коллекциясын ұсынған «Turan Collection», «Aizere Kids», «Naboko Fashion House», «Sabina Volskaya», «Chinara Elmuratova» және «Anastasiya Nanno» сән орталықтары шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Күндізгі сағат 12:00 де басталған мерекелік шарасы кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. Ертең мерекенің «Зияткерлік күні» Арбат демалыс аймағында өтеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Мұрат Әйтенов мемлекеттік наградаларды табыстады

Next Post

20  наурыз - «Зияткерлік» күні

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі