13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов мемлекеттік наградаларды табыстады

19 марта, 2022
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов мемлекеттік наградаларды табыстады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, азаматтарды қорғау мен құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы үшін бірқатар азамат  мемлекеттік наградамен марапатталды.

Наградаларды табыстаған қала әкімі Мұрат Әйтенов марапат иелеріне қоғамдық қызметтегі белсенділіктері үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

🌟Марапаттау рәсімінде «Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Майханов пен «MARSIO JEWELLERY» ЖШС басшысы Алмас Таңғатаров «Құрмет» ордені табысталды.

Мемлекеттік «Шапағат» медалімен «@meyirim.kz» электрондық порталының директоры  Жазира Асан,  «Харекет» қайырымдылық қоры директорының орынбасары Серік Дарбышев және «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының басшысы Асхат Мәуленов марапатталды.

-Қаламызда экономика, инвестиция, мәдени-әлеуметтік секілді басты салаларда оң нәтижелер көп. Бұл бағытымыздың айқын, ісіміздің нәтижелі екенінің дәлелі. Осынау игілікті істерде өздеріңіздей белсенді азаматтардың қосқан үлесін мақтанышпен айтамыз. Әсіресе, қаңтар оқиғасы кезінде  сіздер ел тыныштығын сақтау жолында аянбадыңыздар. Марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын — деді қала әкімі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Мұрат Әйтенов қоғамдық кеңеске мүше ұсыну құзіретінен бас тартты

Next Post

Шымкентте «Fashion day» сән көрсетілімі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі