13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Құрсай 2022 жылдың соңында сапалы сумен қамтылады

18 февраля, 2022
in Билік
0
Шымкент : Құрсай 2022 жылдың соңында сапалы сумен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай шағын ауданы 140 гектар аумақта орналасқан. Онда қазір 7 562 халық мекендейді. Шағын ауданға қоныстанушылар саны артқан соң жаңа жер телімдеріне үй салына бастаған. Қазір Құрсайдың жаңақұрылыс аумағына №282 және 283 орамдар кіреді.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде  елді мекенді коммуналдық және инфрақұрылыммен қамту кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асуда.

Құрсайдың орталығы электр жарығымен толық тартылған. Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 282 орамды сапалы электрмен қамту үшін биыл жобалық сметалық құжат әзірленеді. Ал, 283 орамға электр тарту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Шағын аудан орталығының ауыз сумен қамтылуы 80 пайыз. Қазірде қалған бөлігі мен 282, 283 орамдарға сапалы су жеткізу үшін 2021 жылы «Реолит» ЖШС құрылыс жұмысын бастаған. Пайдалануға беру мерзімі осы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Құрсайдың орталығы табиғи газбен толық қамтылған. Жаңақұрылыс аумағындағы 282 мен 283 орамға газ тарту үшін 2022 жылы жобалық сметалық құжат әзірленеді.

Өткен жылы Құрсайда екі көшеге шағал тас төселді. Биыл тағы 7 көшеге тас төселіп, екі көше асфальттанады. Сонымен қатар, 2022 жылы Жеті жар көшесі мен З.Сатқанбай көшесіне жарық шамы орнатылады.

Құрсайда ең өзекті болып табылатын емхана мәселесін инвестор тарту арқылы шешу көзделген.

Сапалы интернет бойынша «Кар-Тел» компаниясының базалық станциясы орнатылды. Цифрландыру басқармасы тарапынан №49 мектеп маңына антенна-матчталық құрылғысы қойылып, байланыс операторлары базалық станцияларын орнатуда.

Tags: 13kz13kz.kz13кзинфрақұрылымШымкент
Previous Post

Шымкент қаласы мәслихатының 13 сессиясы өтті

Next Post

Түркістан облысында 660 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі