13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласы мәслихатының 13 сессиясы өтті

18 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласы мәслихатының 13 сессиясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, депутаттар мен аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.

Бүгінгі сессияда қаладағы мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысында қаралып бекітілген мәселенің бірі қала және аудан әкімдерінің халықпен кездесулерінің 2022 жылға арналған күнтізбесі. Енді жаңа формат бойынша әкімдер халықпен жыл бойы тұрақты кездесулер өткізеді.

Осы бойынша қала басшысы халық қалаулыларына кездесулердің қорытындысы бойынша өзекті мәселелердің пулы құрылатынын айтып өтті.

«Өзекті мәселелердің пулы аясында  қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, тиісті құрал-жабдықтарды сатып алу мен құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша нақты шаралар ұйымдастырылады», — деді әкім.

Сессияда депутаттармен 5 өзен мен каналдардың арнасын түзету, жағалауларды нығайту жұмыстарын жүргізумен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қаладағы 24 канал мен 2 өзенге механикалық тазалау;

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында 32 395 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беру жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша шешімдер қабылданды.

Жиын соңында Мұрат Әйтенов сессия жұмысында айтылған ұсыныстарды қолдағандары үшін депутаттар корпусына алғысын білдіріп, халықтың өтініші негізінде қойылған депутаттық сауалдар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзмәслихатсессия
Previous Post

Халықтың мәселесі күн тәртібінен түспейді

Next Post

Шымкент : Құрсай 2022 жылдың соңында сапалы сумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі