13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жамбыл облысында газбен қамтылу көрсеткіші 88,6 пайызға жетті

9 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы елді мекендердің газбен қамтылуы 88,6 пайызды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізу көзделуде.Осы және газ тарату ісіне қатысты бірқатар мәселелер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалында өткен жиында айтылды. Басқосуда филиал басшысы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Аймақ басшысы аталған филиалмен өткен жылы бірқатар тірліктер тындырылғанын, әсіресе Қордай ауданында ауқымды жұмыст аратқарылғанын атап өтті. Дегенмен әлі де жүзеге асуы тиіс жобалар аз еместігіне, екі аудан орталығының «көгілдір  отынсыз» отыруына назар аудартты.

– Жаңатас қаласы әлі күнге газға қосылмаса, Мойынқұм ауданының тұтастайхалқы «көгілдір  отынның» келуін асыға күтіп  отыр. Осы екі ауданды газдандыруды біз ертерек шешкеніміз жөн, – деді облыс  әкімі.

Мұнан соң «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Сәкен Исмайлов облыс  әкімі алдында есеп берді. Филиал басшысының айтуынша, өткен жылы газды тұтыну көлемі 30 пайызға артқан.

Тараз қаласы мен 9 ауданға «көгілдір отын» кедергіссіз жетіп  тұр. Қаратаудағы газ құбыры желісі күрделі жөндеуден  өткен. Осы салада еңбек ететін жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға, әкімшілік қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өскен.

Былтыр 153 мың теңге айлық алатын жұмысшының жалақысы  биыл 196 мың теңгеге жеткен. Жиында кәсіпорында қызмет ететін 74 адамға түрлі көмектер көрсетілгендігі айтылды. Мәселен, дауыл салдарынан үйлері қирап қалған 3 маманның баспаналарының жөнделуіне қажетті көлемде көмек берілген. Қызметкерлердің Қапшағай мен Бурабай сауықтыру аймақтарында қолжетімді бағамен демалып  қайтуларына да мүмкіндік жасалған.

Жиында Тараз қаласының  әкімі Ержан Жылқыбаев, бірқатар басқарма басшылары, электр, жарыққа қатысты мекеме басшылары қысқаша пікір білдіріп, аталған филиалдың жұмысына ризашылықтарын жеткізді.

Жиынды облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев қорытындылады.

— Филиалмен бірқатар жұмыстар атқарылғаны көрініп тұр. Дегенмен алдағы міндеттер де ауқымды.

Кейбір ауылдарда газ бар, бірақ сол ауылдағы мектепке, ауруханаға газ жетпеген. Газ кірген ауылдардағы мектептер неге көмір жағуы тиіс? Бұл тұрғыда жергілікті билік, аудан, ауыл әкімдіктері филиалмен бірлесе отырып, істі ұтымды үйлестіре білуі маңызды.

Одан өзге де ауқымды  мәселелер бар.Бірқатар кәсіпорындардың жұмысына газдың жоқтығы қолбайлау болып отыр. Жалпы, қай саланың ілгерілеуіне де газ өнімінің әсері мол, – деп атап өтті аймақ басшысы.

 

Tags: 13 kz13kz13кз«ҚазТрансГазАймақ» АҚБердібек СапарбаевгазЖамбыл облысыТараз қаласы
Previous Post

Түркістан облысында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Next Post

Жамбыл облысында 25 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 24 пайызға өсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі