13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

9 февраля, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Дарбаза» полигонында роталық тактикалық топпен тактикалық оқу-жаттығуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізілді. Оған Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері қатысты.

Нұсқаулық-әдістемелік сабақ полигонда ұйымдастырылған сегіз оқу орнында өткізілді. Әскери қызметшілер байланысты орнату, бүркемелеу, жаппай қырып-жою қаруынан, әуе шабуылына қарсы, жауынгерлік және жорықтық қорғану, материалдық-техникалық қамтамасыз ету тақырыптарынан білімдерін пысықтады. Бұл әскери қызметшілерге оқу тақырыбын үлгілерде көрсетілген мысалдардан нақты көріп, ал оқу нүкте жетекшілеріне қол жетімді түсіндіруге мүмкіндік берді.

— Нұсқаулық-әдістемелік сабақ барлық санаттағы командирлерге де, олардың жеке құрамына да барынша практикалық тәжірибе алатындай етіп өткізіледі. Бұл дәрістерде алынған тәжірибе мен білім жауынгерлік немесе арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қажет болады. Рота командирі тез өзгеретін ұрыс жағдайына бейімделіп қана қоймай, сонымен қатар негізгі және қоса берілген күштер мен қаруларды уақытылы пайдаланып, оларды сауатты басқара білуі керек, — деді механикаландырылған бригада командирі полковник Нұркен Қарағұлов.

Сабақтар роталық тактикалық топтың тактикалық оқу-жаттығуды көрнекі орындалуымен аяқталды. Бөлімшелердің іс-қимылдарын көрсету үшін қазіргі қарулы қақтығыстарға тән жағдай жасалды. Әскери қызметшілер колонналарды алып жүру, аса маңызды объектілерді қорғау, қарсыластың диверсиялық топтарына қарсы күресу және заңсыз қарулы құрамаларды жою бойынша қақтығыс жағдайларын пысықтады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысықорғаныс
Previous Post

Шымкент әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

Next Post

Жамбыл облысында газбен қамтылу көрсеткіші 88,6 пайызға жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі