13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте армиялық қоян-қолтық ұрысынан өткен жарыста кімдер жеңімпаз атанды?

9 февраля, 2022
in Спорт
0
Шымкентте армиялық қоян-қолтық ұрысынан өткен жарыста кімдер жеңімпаз атанды?
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының спорт кешенінде армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир аяқталды. Ол әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау, әскери спортшылардың кәсіби шеберлігін және судьялардың біліктілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа Шымкент, Сарыағаш және Арыс гарнизондары әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері бірінші жеңілістен кейін жарыстан шығу жүйесі бойынша төрт салмақ санатында бақ сынасты.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды механикаландырылған бригада басқармасы жеңіп алды, турнирдің «күмісі» мотоатқыштар батальонының командасына бұйырса, үшінші орынды штаб батальонының командасы алды.

Төрешілер алқасы спортшылардың жақсы дайындығын атап өтіп, «Үздік техника» номинациясында лейтенант Ерлан Ахбердиев пен ефрейтор Бари Дастан марапаттаса, «Жеңіске деген жігері» марапаты аға лейтенант Руслан Тұрартаевқа берілді.

— Армиялық қоян — қолтық ұрысы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік даярлығының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Жақын жекпе-жекте атыс қаруын немесе қарудың басқа түрлерін қолдану мүмкіндігі болмаған кезде әскери қызметші әртүрлі жауынгерлік және спорттық тәсілдерді қолдана білуі керек. Дәл осы әдістер қоян-қолтық ұрыстың негізін құрайды. Барлық қатысушылар бір – біріне лайықты бәсекелестік көрсетті, — деп атап өтті механикаландырылған бригада командирі полковник Нұркен Қарағұлов.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақпан айында өтетін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының чемпионатына қатысады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизонықоян-қолтық ұрысы
Previous Post

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ұсынылатын мүмкіндіктер талқыланды

Next Post

Шымкент әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі