13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ұсынылатын мүмкіндіктер талқыланды

8 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ұсынылатын мүмкіндіктер талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ауыл шаруашылығын субсидиялау тәсілдерімен таныстыру мақсатында Қаратау ауданы кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының, Қаратау ауданы әкімі аппаратының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен аталған саладағы кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау мәселесі мен аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары, субсидиялар алу тәсілдері талқыланды.

Департамент өкілі Ж.Қамбар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын таныстырып, оның негізгі бағыттарынан хабардар етті.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау қорытындысы бойынша ақпарат берді.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы қызметкерлерінің айтуынша тауар өндірушілерге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға қайтарымсыз қаражат алуға өтінімді Subsidy.plem.kz, сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыруға бағытталған өтінімдер беруге арналған Subsidies.qoldau.kz автоматтандырылған жүйелері арқылы өтінімдер беріп, ақпараттар алуға болады.

Кездесуде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Агенттіктің 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа немесе Департаментке хабарласа алатындығы жеткізілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 8(7252) 24-75-40, 24-75-34, 24-74-08 телефон нөмірлері арқылы субсидия бойынша ақпаратты алуға болатындығы хабарланды.

Previous Post

Шымкенттегі бес канал күрделі жөндеуден өтеді

Next Post

Шымкентте армиялық қоян-қолтық ұрысынан өткен жарыста кімдер жеңімпаз атанды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі