13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Беларусь намысын қорғайтын қазақ қызы мәреге жеткен соң жылап қалды

8 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Беларусь намысын қорғайтын қазақ қызы мәреге жеткен соң жылап қалды
Share on FacebookShare on Twitter

Беларусь биатлоншысы Динара Әлімбекова Бейжің Олимпиадасындағы өнерін бағалады. Ол жекелей сында атудан бір рет қателікке жол беріп, бесінші орынға тұрақтады. Егер бұдан мүлт кетпегенде алтынға үміткер болатын еді. Бұл туралы Чемпионат басылымы жазды.

Мәре сызығын кескен соң журналистермен тілдесу кезінде Әлімбекова көз жасына ерік берді.

«Қазір өзімді кінәлау мен ашуланадан басқа ештеңе айта алмаймын. Ешқандай эмоцияны сезіп тұрғаным жоқ. Қатты жаурадым әрі шаршап тұрмын. Қателікке бой алдырған ату кезінде асығып кетттім деп ойлаймын. Менің қолымнан келер еді… Нысананы көздеген барлық уақытта нәтижелі әрекет еттім. Тек мүлт кеткен сәтте ғана кішкене асығып кеттім. Мүмкін концентрацияны жоғалтып алған шығармын», — деді Әлімбекова «Беларусь 1» телеарнасының эфирінде.

15 шақырым қашықтықта германиялық Дених Херрман жеңімпаз атанса, күміс жүлде франциялық Анаис Шевалье-Бушеге бұйырды. Ал қола медальді норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн қанжығасына байлады.

Отандасымыз Галина Вишневская-Шепоренко 44-орын алса, Динара Әлімбекова үздік бестікке ілінді. Айта кетейік, Динара Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы, Абай ауданында өмірге келген. Оның әкесінің есімі — Талғат. Ұлты — қазақ. Ал анасы — беларусь. Динара кішкентай кезінен биатлонмен айналысады. Ол 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өткен қысқы Олимпиадада алтыннан алқа таққан. Биатлоншы чемпиондық атаққа әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста қол жеткізген. Сонымен қатар, Динара әлем кубогының, Еуропа біріншілігінің жүлдегері және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Previous Post

Таразда «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды

Next Post

Шымкенттегі бес канал күрделі жөндеуден өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі