13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Жамбыл облысында 25 мыңға жуық жұмысшының жалақысы өсті

7 февраля, 2022
in Экономика
0
Жамбыл облысында 25 мыңға жуық жұмысшының жалақысы өсті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес  Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі барлық ірі кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, басшыларының жұмысшылардың жалақыларының өсуі, еңбек жағдайларының жақсару секілді міндеттердің орындалулары жөнінде есептерін тыңдады.

Облыста жұмыс орындарын сақтауға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға айрықша назар аударылуда. Жамбылдық кәсіпорын басшылықтарымен 100 пайыз үшжақты меморандумдар жасалып, нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен өңірдегі 195  кәсіпорын жұмысшылардың (25  мыңға жуық адам) жалақысын орташа есеппен 24 пайызға көтерген.

Ағымдағы жыл басынан бері 31 ірі кәсіпорындағы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 12 пайызға артқан. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерінің (барлығы 6200 адам еңбек етеді) жалақысы өткен жылы 25 пайызға, биыл 15 пайызға, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға (770) артты.

«Таразэнергоорталық» АҚ өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорын жұмысшыларының  жалақысын 28 пайызға, өндірістік қызметкерлердің жалақысы 38 пайызға өсірген.

Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшыларына еңбек жағдайларын жақсарту, жыл сайын жалақыны көтеру шараларын жүйелі жүзеге асыруды, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларына аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзБердібек СапарбаевЖамбыл облысы
Previous Post

Таразда қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жалғасуда

Next Post

Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықты төмендету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі