13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таразда қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жалғасуда

7 февраля, 2022
in Жаңалықтар
0
Таразда қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен әкімшілік ғимараттар мен кәсіпкерлік нысандарды аралап, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Тараздағы қаңтар оқиғасы салдарынан алты мемлекеттік ғимарат (облыс әкімдігі аппаратының, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының, полиция департаментінің, қалалық полиция басқармасының үш ғимараты) зардап шекті. Бүгінде оларды қалпына келтіру жұмыстарына 720 адам, 48 бірлік техника жұмылдырылған.

Қазіргі таңда облыстық полиция департаментінің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Облыс әкімі Жедел басқару орталығындағы жұмыстарды ақпан айының соңына дейін аяқтауды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларының маңыздылығын атап өтті.

Тараз қалалық полиция басқармасында жөндеу жұмыстары 80 пайызға аяқталып, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілелері жүргізілуде. Келесі аптада мұндағы қызметкерлер өз кабинеттеріне көше бастайды.

Тараз қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімшесінде терезелер, есіктер, жылыту және сумен жабдықтау жүйелері ауыстырылуда.

Мердігер «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында қайта жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтаған.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ғимаратында барлық терезелер мен есіктер, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылып, қасбеттері жөндеуден өтеді. Аймақ басшысы ғимараттың тарихи келбетін сақтауға айрықша назар аудару керектігін баса айтты. Орталық алаңдағы барлық нысандар бірыңғай үлгіде болуы тиіс.

Бердібек Сапарбаев «Таразстрой-2004»ЖШС-не облыс әкімі аппаратының ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын ақпан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жауапты тұлғаларға жұмыстың барысы мен сапасын қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.

Аймақ басшысы сондай-ақ зардап шеккен  кәсіпкерлік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын да тексерді.

Облыс бойынша барлығы 25 шағын және орта бизнес субъектілері зардап шеккен десек, олар қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеуде. Кәсіпкерлікке келтірілген шығынды өтеу шаралары басталған.

Tags: Бердібек СапарбаевЖамбыл облысыТараз қаласықалпына келтіру
Previous Post

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайды

Next Post

Жамбыл облысында 25 мыңға жуық жұмысшының жалақысы өсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі