13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 2 жылда ауыз су мәселесі толық шешіледі

20 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 2 жылда ауыз су мәселесі толық шешіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет жүктегені белгілі. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімдігі жүйелі әрі сапалы жұмыс жүргізіп келеді. Нәтижесінде Шымкентте алдағы 2 жылдың ішінде ауыз су мәселесі толығымен, 100 пайызға шешіледі деп жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша қазір Шымкенттегі 81 елді мекенде 78-інде сапалы ауыз су мәселесі толығымен шешілген. Қалған үш елді мекенде ауыз су кесте бойынша беріледі.

Өткен 2021 жылы осы бағыттағы 13 жоба аяқталған. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 24,46 шақырымды құрайтын 3 маистралды су құбыры тартылды. Сонымен қатар 10 елді мекенде ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталған. Осылайша Тұран, Асар-2, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңа Тұрлан, Солтүстік саяжай, Ақтас, Жаңаталап, Сәуле және Нұртас елді мекендерінің тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді. Қазір әрбір тұрғын суды өз үйіне кіргізіп жатыр. Бұл қала халқын ауыз сумен қамту көрсеткішін 95,6 пайыздан 98 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар биыл да қарқынды түрде жүргізілмек. 2022 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін биыл тағы 1 магистралды су құбыры және 1 елді мекеннің ішкі су жүйелерінің құрылысы аяқталады. Ал, 2023 жылдың соңына қарай шымкенттіктер тәулік бойы үздіксіз берілетін сапалы әрі таза ауыз сумен 100 пайызға қамтылады.

Previous Post

Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталғалы тұр

Next Post

Мирболат Аюпов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі