13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандық экспорттаушылар үшін екі бағдарламаға іріктеу басталады

18 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазақстандық экспорттаушылар үшін екі бағдарламаға іріктеу басталады
Share on FacebookShare on Twitter

25 қаңтарда шағын және орта бизнес қолдау аясында қазақстандық экспорттаушылар үшін екі бағдарламаға іріктеу басталады: «Экспорттық акселерация-2022» және компанияларды Alibaba.com бағдарламасына шығару

 Аталған бағдарламалардың операторы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade» АҚ болып табылады.

«ЭКСПОРТТЫҚ АКСЕЛЕРАЦИЯ-2022» — компанияны толық сүйемелдеуді (оқыту, диагностика, экспорттық стратегияны әзірлеу, маркетингтік ілгерілету, компанияның көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету), сондай-ақ сенімді сатып алушыны іздеуді және экспорттық келісімшарт жасасуды көздейтін практикаға бағытталған бағдарлама.

Биыл «ЭКСПОРТТЫҚ АКСЕЛЕРАЦИЯ-2022» бағдарламасына қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ қызмет көрсетушілер сияқты салаларда 190 кәсіпорын іріктелетін болады.

Бағдарлама шеңберінде қазақстандық өнімді нақты ілгерілету үшін Ресей Федерациясы, Украина және Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Өзбекстан Республикасы нысаналы нарықтар болып айқындалды.

Бағдарламаға бизнестің қатысуы тегін.

Бағдарлама 2020 жылы іске қосылған сәттен бастап қатысушы компаниялар шамамен 150 млн. АҚШ долл. сомасына экспорттық келісімшарттар жасасты. Бұл отандық өнімді РФ, Қытай және Орталық Азия елдерінің нарықтарына жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИЗНЕСТУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Alibaba.com МАРКЕТПЛЕЙСКЕ шығару

Ағымдағы жылы Alibaba.com шығару үшін шикізаттық емес өнімнің 70 қазақстандық жеткізушісі іріктеліп алынады.

Бүгінде халықаралық серіктестер платформасында 4000 отандық тауар қолжетімді. Мәселен, қазақстандық бал БАӘ, АҚШ, Кипр, ҚХР, Өзбекстанға жөнелтілді. Арқылы көмір сүзгілерін бастаушы өндіруші Alibaba.com арқылы өз сатып алушыларын Өзбекстан, Қырғызстан және Македониядан тапты.

Бағдарламаны іске қосу аясында 25 қаңтарда QazTrade барлық ниет білдірушілер үшін таныстыру вебинарын өткізеді, онда Бағдарламаларға қатысу шарттары туралы айтып береді.

Вебинарға тіркелу үшін мына  сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc2jCJ-ec4PDacEupt-jpGu3zIkDCsghez9O8qYgRVuRiAMtQ/viewform

Экспорттаушыларды Alibaba.com шығару жөніндегі бағдарлама басталған сәттен бастап (2019 жылдан бастап) Алтын шоттардың иелері 120 млн. АҚШ долл. сомасына экспорттық келісімшарттар жасасты..

Бағдарламалармен толығырақ мынасілтемелер бойынша танысуға болады:

Экспорттық Акселерация Бағдарламасы-2022:

https://www.youtube.com/watch?v=Dvb-rB00eWc https://www.youtube.com/watch?v=9glZI340xOw

Қазақстандық компанияларды Alibaba.com шығару бағдарламасы

https://www.youtube.com/watch?v=6dflbYV-VZo

QazTrade шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институт бола отырып, отандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін мынадай қолдау көрсетеді:

-сыртқы нарықтарға шығу мәселелері бойынша консультациялық-талдамалық қолдау;

— халықаралық электрондық алаңдарға шығару;

— экспорттық акселерация бағдарламасы;

— сервистік қолдау (сауда-экономикалық миссияларға, халықаралық көрмелерге қатысу);

— қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға жылжыту және жеткізу бойынша шығындарды өтеу.

 

 

Previous Post

Сарыағаш ауданында тауыс құсы өсірілуде

Next Post

Утилизациялық алымды әкімшілендіру бойынша "Оператор РОП-тың" қызметі тоқтатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі