13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаш ауданында тауыс құсы өсірілуде

18 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Сарыағаш ауданында тауыс құсы өсірілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Дербісек елді мекеніндегі «Рахманберди» шаруа қожалығы бүгінгі таңда ерекше құс түрлерін өсірумен айналысуда. Осы күнге дейін тауыс өңір үшін таңсық құс болатын. Үй құсының бұл түрін қазір «Рахманберди» шаруа қожалығының басшысы Рахманберді Өсербаев алғашқылардың бірі болып шаруа қожалығында өсіруді қолға алған. Сонымен қатар қырғауылдың 7 түрі, тауықтың 5 түрі, кептер, түйеқұс, азияттық кекілік, қазы, үйректің 2 түрі, күрке, бөдене бағумен де айналысып жатыр.

Сырттан әкелінген құстар қолға үйретілді. Күтімі ерекше тауыс жылына 6 рет қана жұмыртқалайтын көрінеді. Одан өзге, бұл құс көктем айларында ғана ерекше билейді. Алғашында 2 тауыс құсын сатып алып, жерсіндірген кәсіпкер оны көбейтіп санын 40-қа жеткізген. Сондай-ақ құсқа қызығушы азаматтардың сұранысына сәйкес, 30 шақты тауысты сатып пайдасын да көріпті.

Алдағы уақытта жеке кәсіпкер құс шаруашылығын кеңейтумен қатар, балық шаруашылығын дамытуды да жоспарлап отыр.

2021 жылы аудандағы құстың басы 623524-ке жеткізілді. Оның ішінде 513212-сі құс фабрикаларында болса, 2509 бас құс жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарында өсіріліп жатыр. Қалғаны — жұртшылық ауласында.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Мұрат Әйтенов: Жайлы қаланың келбеті әрбір елдімекенде көрініс табады

Next Post

Қазақстандық экспорттаушылар үшін екі бағдарламаға іріктеу басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі