13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді

13 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді.

2020 жылғы құрылған «Диспетчерлік қызмет орталығы» автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын реттеу және қадағалау, кестенің сақталуын үздіксіз бақылау және тасымалдау көліктерінің жұмыстары туралы мәліметтерді жинақтау және күнделікті талдау жүргізуді жүзеге асырады.

Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесіне көшкен. Операторлар қоғамдық көліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылауда.

Бүгінде бөлім қызметкерлері тарапынан 40-тан астам маршрут қозғалысының сызбасы дайындалып, 400-ге жуық маршрут қозғалысының кестесі құрылды. Бөлім операторларының  «ShymkentBus» БК» ЖШС, «T-BUS» ЖШС, «MAN-Оңтүстік» ЖШС және тағы басқа тасымалдаушылардың тұрақты қалалық және қала іргелік маршруттарында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көліктердің жүрісіне онлайн GPS мониторинг жүргізу барысында 4 000-нан астам заң бұзушылық тіркелген.

Қала әкімі қазіргі жағдайда жүргізушілер мен диспетчерлердің жұмысының маңыздылығын  атап өтіп, еңбектеріне алғысын жеткізді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта қалада жағдай тұрақты. Бүгінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарға қоғамдық көліктердің 70 пайызы қызмет көрсетуде. «Төлем» жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Барлық жұмыстар штатттық режимде атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Базарларда карантин талаптары күшейтілді

Next Post

Мәслихат хатшысы ревакцинация жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі