Шымкент қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймаққа өтуіне байланысты қаладағы мобильді топтардың жұмысы күшейтілді.
Абай ауданының әкімі Б.Парманов «Самал» және «Алаш» базарларына мобильдік топпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг кезінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, азаматтарды ревакцинация алуға шақырды.
Жалпы аудан аумағында 13 базар мен 12 сауда үйі орналасқан. Олардың барлығы қатаң бақылауға алынды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базардағы бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу керек екенін жеткізіп, мониторинг жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Құрметті тұрғындар мен қонақтары, санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтайық!