13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Мұрат Әйтенов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы тұрғын үйлерді тексерді

12 января, 2022
in Билік
0
Мұрат Әйтенов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы тұрғын үйлерді тексерді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдің  құрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй  жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді.

Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардың отандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді.

Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы тұрғындар үшін баспана сапасы маңызды екенін айтып, жұмыстың қарқыны мен сапасын  назарда ұстауды тапсырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты баспанамен қамту мәселесін жіті назарда ұстайды. Бұл бағытта елімізде арнайы бағдарламалар әзірленді. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін тұрғын үйлер көптеп салынуда. Бүгінде қаламызда 43 мыңнан астам адам кезекте тұр. Сондықтан үйлердің құрылысын жеделдетуіміз керек. Құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін де Шымкенттің ауа райыда ыңғайлы. Қажет болса, түйткілді мәселелерді шұғыл шешу үшін апта сайын кездесіп отырайық»,-деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, құрылыс аумағының тазалығына көңіл бөлуді, әркім өз жұмысында басқасының еңбегін бағалау керектігін айтты.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тұран шағын ауданындағы 25, 26, 28, 29 орамдарда бюджет есебінен 88 үйдің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 47 үй, яғни 3144 пәтер  2020-2021 жылы пайдалануға берілген.

Осы жылы аталған шағын ауданда жалпы 2700 пәтерлі  көпқабатты 50 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Нұрлы жер» бағдарламасыШымкент
Previous Post

Шымкентте 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Next Post

Мұрат Әйтенов: Күрделі нысан құрылысында қателікке жол берілмеуі керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі