13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

12 января, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат орнауда.

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту берілді.

Қала шекараларында орнатылған блокбекеттерде 14 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, 9 адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде 2 газ тапаншасы тәркіленді.

Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 73 азамат қамауға алынды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері арасынан 48 қызметкер әртүрлі жарақат алды, қаза болғаны жоқ. Зақымданған  91 полиция автокөлігінің ішінде 8-і өртенді.

Осы ретте, қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге шақырамыз!

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзмитингШымкент
Previous Post

Мемлекет басшысы сын сағатта халықпен бірге болды

Next Post

Мұрат Әйтенов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы тұрғын үйлерді тексерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі