13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте партия филиалының ғимараты қалпына келтірілуде

12 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте партия филиалының ғимараты қалпына келтірілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Елдегі орын алған жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік әрекеттерден соң «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жағдайды тұрақтандыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері тәртіпсіздік кезінде өртенген партия филиалының ғимаратына  өздерінің жеке есептерінен ғимаратты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Олардың қатарында  «Жастарды қолдау» аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы, «Отау строй» ЖШС бас директоры Аслан Алимбек, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарова және фракция жетекшісінің орынбасары, «Sairam-Orkeniet» БПҰ төрайымы, Сайрам көмекші-интернат колледжінің директоры Жадыра Таңатарова бар.

Фракция мүшелері, меценат, «SANALI GROUP» ЖШС директорының орынбасары Байкен Әшірбаев пен кәсіпкер-меценат Мұрат Жолдыхожаев Шымкентте тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 200 азаматтан тұратын еріктілер тобын құруға үлестерін қосты. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының мүшелері елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп тұрған еріктілер мен әскери қызметкерлердің ас-суын тасымалдап жатыр.

М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарованың және «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрайымы, ОҚМПУ проректоры Баршагүл Исабектің жетекшілігімен ЖОО ұжымдары мен студенттері төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен науқастар үшін қан тапсырды.

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мемлекеттік саясатты қолдай отырып, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау жолында ұйымдастырылып жатқан жұмыстардың басы-қасынан табылып жүр.

Tags: 13kz13kz.kz13кзпартияШымкент
Previous Post

«Қазақстан халқына» қорына кімдер міндетті аударым жасайды?

Next Post

Мемлекет басшысы сын сағатта халықпен бірге болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі