13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қорына кімдер міндетті аударым жасайды?

12 января, 2022
in Жаңалықтар
0
«Қазақстан халқына» қорына кімдер міндетті аударым жасайды?
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақстан халқына» қорын жүзеге асыру тетіктерін пысықтау үшін Үкімет жанынан жұмыс тобы құрылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру жөніндегі тапсырмасы бойынша: қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық қор деп жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар — қоғамдық бірлестіктер құрған қор түсініледі. Қор қызметінің саласы әлеуметтік және мәдени қызметтің әртүрлі аспектілерін (денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік инфрақұрылым, болған жойқын – қирату салдарын қалпына келтіру және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын қолдауы) қамтитын болады. Қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа монополистердің міндетті аударымдарын қорға тұрақты тарту жоспарлануда. Осыған байланысты қордың құрылтайшысы ретінде әрекет ететін қоғамдық бірлестікті айқындау, сондай-ақ іске асыру тетіктерін әзірлеу үшін азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Үкімет жанынан жұмыс тобын құру ұсынылады», — деді министр.

Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қаражатынан орфандық аурулары бар балаларды емдеуге арналған болжамды шығындардың есебі мен дәрілік заттардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

«Балалардың денсаулығын сақтау саласында сирек (орфандық) және ауыр аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету неғұрлым өзекті болып табылады. Әлемдегі ешбір ел өте жоғары шығындарды ескере отырып, барлық орфандық ауруларды толық қаржыландырмайды. Сондықтан да, Қорды құру орфандық аурулармен ауыратын науқастар үшін қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс жалғасуда», — деді Ажар Ғиният

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Қазақстан халқына» қорыШымкент
Previous Post

Шымкент : Өндіріс саласында мүмкіндіктер көп

Next Post

Шымкентте партия филиалының ғимараты қалпына келтірілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі