13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жыл үздіктеріне құрмет көрсетілді

3 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жыл үздіктеріне құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы «Конгресс холл» кешенінде қоғамның сан саласы бойынша жылдың үздіктерін марапаттау салтанатты жиыны өтті. Марапаттау рәсіміне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосқан көшбасшыларға құрмет көрсетті. Сонымен бірге үздіктерді облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен «Nut Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев та марапаттады.

Адал еңбегі мен отаншылдығының арқасында өз саласы бойынша үздік атанғандардың бірқатарына тоқталсақ, жылдың үздік ұстазы болып Арыс қаласындағы С.Адамбеков мектебінің мұғалімі Молдабай Сүйіндіков танылса, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аға оқытушысы Нұрлыхан Әбдіқадыр үздік жас ғалым атанды. «Жылдың үздік журналисі» аталымы бойынша «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Дәулет Тұрсынұлы үздік атанса, Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Сапарбек Қалботаев «Жылдың үздік баспасөз қызметі» аталымы бойынша топ жарды. Жылдың үздік режиссері болып Р. Сейтіметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының қоюшы режиссері Қуандық Қасымов танылса, үздік дәрігер мәртебесіне Түркістан облысының №2 перенеталдық орталығының акушер-гинекологы Лейла Үкібаева ие болды. «Қаратас Майнинг» ЖШС-нің қызметкері Саят Серік үздік құрылысшы болса, «Бадам» өндірістік кооперативінің бас агрономы Барыс Менліқұлов жылдың үздік агрономы деп танылды. «Жылдың үздік мал дәрігері» аталымында төлебилік ветеринар Қайыржан Елтаев үздік атанса, белсенді жас Нұрайым Қуандық жылдың үздік еріктісі атанды.

Салтанатты жиында әр түрлі сала бойынша жалпы 40 адам марапатталды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Қоғам қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда

Next Post

Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі