13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Қоғам қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда

3 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Қоғам қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда мерекелік тәулік тыныш өтті. Полицейлер мен жауапты сала өкілдері тұрақты кезекшілік атқарып, қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келетін оқиғалар тіркелмеген. Жаңа жылдың алғашқы күні Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, қаланы жылумен қамту, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға жауапты мекемелердің жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Түркістан облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығында болды. Полицейлер тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды баяндады. Мереке күндері кезекшілік атқарылып, қалалар мен аудандарда бөлімдер жұмыс істеп жатқанын, жалпы мереке күні тыныш өткенін жеткізді. Жедел басқару орталығына көшелер, мектептер, маңызды нысандар енгізілген. Арман Жетпісбай қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытында бейнебақылау камераларын орнату және өзге де мәселелер облыс әкімінің бақылауында екенін айта келе, мереке күндері тәртіп сақшыларын қырағы болуға шақырды.

Осы күні қаланың рухани-мәдени аймағындағы нысандарды жылумен қамтамасыз етіп отырған орталықтың жұмыс барысы қадағаланды. Бүгінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы мәдениет және руханият орталықтарының ғимараттарын қамтып отырған орталық талапқа сай жұмыс істеп тұр. Мамандар жылу қазандықтары тұрақты бақылауда екенін жеткізді. Арман Шәріпбайұлы одан кейін «Отырар» шағынауданындағы жылу орталығында болды. Мұнда да мамандар жұмыс кестесіне сай еңбек етіп жатыр. Шағынаудандағы тұрғын үйлер жылы әрі жылу саласындағы қызмет көрсету сапасы жоғарылаған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековке жылу орталықтарының жұмысын қатаң бақылауда ұстау керектігін айтты. Шаһарда ірі ғимараттар, әлеуметтік және спорттық нысандар, тұрғын үйлер жаңадан салына сала жылуға уақтылы қосылуы тиіс екенін, қосымша мәселелер болса, облыстық деңгейде шешілетінін жеткізді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында жаңа жылда 59 сәби дүниеге келді

Next Post

Түркістан: Жыл үздіктеріне құрмет көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі