13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слеті өтті

22 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слеті өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған  «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слеті өтті.

«Мен өз елімнің парасатты ұрпағымын» атты шараға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, білім саласы өкілдері мен клубтың белсенді мүшелері қатысты.

Шара барысында жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату жайы сөз болды.

Слетта студенттік клубтардың жұмысы баяндалып, қатысушылар адалдық пен рухани байлықты дарытудағы ойларын ортаға салды.

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбардың айтуынша, студенттік шақта негізгі өмірлік ұстанымдар қалыптасады, сондықтан да білімге құштар, белсенді жастарға әрқашан қолдау көрсетіп, мұғалімдер, ата-аналар тарапынан дұрыс бағдар беру керек.

Сондай-ақ, жастар белсенділері бас қосқан жиында логикалық ойындар ұйымдастырылып, жалынды жастар жемқорлықпен күресудің тиімді тәсілдерін қарастырды.  Шара қорытындысымен белсенді жастар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыз бойынша 6000-ға жуық мүшесі бар 35-тен аса студенттік клубтар жұмыс жасауда.

Previous Post

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін бермегені туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленеді

Next Post

2021 жылдың 9 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі