13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Балаларға арналған оңалту орталығы күрделі жөндеуден өткізілуде

24 ноября, 2022
in Қоғам
0
Балаларға арналған оңалту орталығы күрделі жөндеуден өткізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте балаларға арналған оңалту орталығы қайта жаңғыруда.  Осы жылдың маусым айында күрделі жөндеу жұмыстары қырқынды түрде басталған нысандардың бірі — №2 оңалту орталығы, 18 жасқа дейінгі балаларды медициналық оңалту қызметін атқарады.

Шаһар басшылығы қаладағы бірқатар нысандарды аралау барысында аталған орталықтың жұмысын бақылап, құрылыс барысын қадағалады.Құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуын сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне тапсырды.  Орталықтың аумағы 2500 шаршы метрді құрайды, мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұл тұстан қосымша «Қамқорлық қоры» КҚ қолдауымен 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылмақ. Аталған нысан жылына 600 бүлдіршінге көмек беретін болады. Сонымен қатар қайырымдылық қоры есебінен жалпы сомасы 125 млн теңгені құрайтын медициналық жабдықтар сатып алынбақ.

Тақырыпқа тұздық. Шымкенттегі күрделі жөндеуден өтті. Қала әкімінің аппарат басшысы Ғ. Мәуленқұлов, Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексерді.

Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын.

Жөндеу жұмыстары биыл шілде айында басталып, толығымен аяқталды.

Жөндеу жұмыстары кезінде 5800м2 құрайтын ғимараттың іші-сырты толығымен әрлеп-сырланды. Спортшылардың киім ауыстыру, дәретхана және жуыну бөлмелеріндегі кафельдер ауыстырылды. Спорт алаңшасына жұмсақ резеңке төселіп, терезе мен есіктері толықтай жаңартылды. Сыртқы жарық шамдары, жылу, кәріз жүйелері де ауыстырылды. Бұл туралы, қала басшылығының аралауы барысында, мектеп директоры Джаксыкулов Бахытжан баяндады. Спорт мектебі Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 262-квартал, 405/406 учаскісінде орналасқан.

Tags: 13kz13kz.kz13кзбалаларды оңалту орталығыШымкент
Previous Post

Шымкент : «Бақытты жанұя» орталығы арқылы 37 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген

Next Post

Шымкент: через центр» Бақытты жанұя " оказана помощь более 37 тысячам человек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі