Шымкент қаласындағы әлсіз отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әрбір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.
Бұл мекеменің қызметкерлері әлеуметтік әртүрлі топтағы азаматтармен күн сайын жүздесіп, толғандырып жүрген мәселелерін бөлісіп жатады. Есіктен кіре айқайлап немесе бірауыз сөзге келмей дауыс көтеретін азаматтармен, сондай-ақ денсаулығына байланысты жүйкесі сыр берген мүгедек жандармен күнделікті жұмыс істеу де оңай емес. Бірақ білікті мамандарқандай ашулы жан болса да сабасына түсіріп, тыңдауды шебер меңгерген.
Жалпы мекемедеқызмет алушыларға 20 бағыт бойынша көмек көрсетіледі. Кәсіпке маманданып, білім алып жатқандар да бар. Мәселен, жыл басынан бері орталыққа келген 600-ден аса ана қысқа мерзімді тегін оқу курсында білім алған.
Бүгінгі таңда, қала бойынша әлсіз топқа жататын 37 014 адамға қызмет көрсетілген. Келушілер қажетіне қарай ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуі бойынша кеңес алған. Оның ішінде: 527 азаматқа психологтың жеке кеңесі, 381 азаматқа заңгер кеңесі берілген.
– Әлеуметтік қорғауды талап ететін тұрғындар тобының біздің тарапымыздан әрқашан да жылылық күтуі табиғи заңдылық, өйткені, біздің кәсіби мекеменің атқаратын қызмет көрсеткіші келуші азаматтарға тек қана лайықты қолғабыс көрсету, жәрдем беру сапасымен бағаланады. Оның үстіне орталыққа жұмысқа тұруға келген мамандар қандай адамдармен жұмыс істейтінін біліп, дайын боп келеді. Орталыққа бас сұғатын әлеуметтік топтар санатындағы, атап айтқанда – зейнет жасына жеткен және зейнет жасындағы азаматтар, екіқабат әйелдер, әртүрлі мүгедектік топтағы қала тұрғындары ешуақытта шек болған емес. Әлия Мақұлбаева басқарған ұжымның басты ұстанымы – мекеме есігін ашқан бір де бір адамның көңіліне титтей де қаяу түспеуі тиіс. Біз тұрғындарға әрдайым да лайықты қызмет үлгісін көрсетеміз, -дейді орталық басшысы Абибулла Қалымбет.