13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі білім ұяларының асханасы электрондық төлем жүйесіне көшуде

26 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі білім ұяларының асханасы электрондық төлем жүйесіне көшуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мектепте оқушылардың тегін тамақтануы Tolem жүйесі арқылы іске асырылуда. Жаңа жүйе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін 54 мектепте қолданылуда. Ал жаңа жылға дейін барлық мектеп асханалары электрондық төлем жүйесіне көшеді деп күтілуде. Қолдарында Tolem картасы бар 1-4 сынып оқушылары мен жоғарғы сыныптардағы тиісті санатқа жататын оқушылар тегін тамақтанады. Осылайша қоғамдық көліктерде қатынау үшін қолданылатын Tolem картасы енді оқушылар үшін әмбебап картаға айналмақ. Ол карта әр оқушыға жеке-жеке, фотосуретімен шығарылатыны белгілі.

– Мектеп асханасындағы ыстық тағамға картамен төлем жасау жүйесі қоғамдық көлікке жолақысын төлеу жүйесімен кіріктірілген. Дегенмен, бұл картаға тамақтануға қажет ақша салу дегенді білдірмейді. Ата-аналар бұрынғыдай баласының картасында жолкіреге жететін ақшаның болғанын қадағаласа, жеткілікті. Ал тамақтану ақысы басқаша төленеді, — дейді «Qaz Smart Trans» ЖШС бас директоры Сержан Ақылбаев.
— Біз Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың өтінішімен қаладағы 54 мектепке терминал орнаттық. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар асханаға келгенде карталарын осы терминалға басады. Tolem жүйесі ыстық тамақ алған әр оқушыны белгілеп отырады. Ал айдың соңында білім басқармасының мамандары тамақтанған баланың санын көре алады. Осылайша бюджет қаржысы да үнемделеді, дейді Сержан Ақылбаев.

Бұған дейін тамақтанып жүретін оқушы 1-2 күн келмей қалса, ол белгілене бермейтін. Қаржы оқушының барлығына бөлінетін. Бұған қоса біздің төлем жүйесі ұлттық білім беру мәліметтері қорымен де кіріктірілген. Онда, мұғалімдердің мәліметі бойынша, оқушылардың ауырған және мектепке келмеген күндері жазылып тұрады. Яғни, оқушы сырқаттанып қалса немесе асханаға келмесе, картасын басқа біреуге бере алмайды. Жүйе өткізбейді.

Жоғарыда аталып өткендей, бұл жүйе Шымкентте әзірге 54 мектепке орнатылып отыр. Ал жаңа жылдан кейін жаңа жүйе қаладағы қалған мектептерде де енгізіледі. Сондықтан, ата-аналар балаларына Tolem картасын рәсімдеулері тиіс. Ол – оңай, Tolem мобильді қосымшасын жүктеп алып, «Картаға өтінім беру» бөлімінде тиісті мәліметтерді толтыру керек. Мәліметтер тексеріліп, дұрыстығы анықталған соң рұқсат берілгені туралы хабарлама келеді және Kaspi.kz жүйесінде төлем жасауға сілтеме беріледі. Картаны рәсімдеу ақысы – 500 теңге. Дайындалу мерзімі – 7-10 күн.

– Карта рәсімдеуге қажет мәліметтерді мектеп социологтары жинақтап, бәрін бірден Tolem жүйесіне бере алады. Егер электронды жүйені қолдана алмайтындар болса. Баса назар аударғым келетін тұс – мемлекет тарапынан тиісті санаттағы оқушылардың ыстық тамағына қаржы толығымен аударылған. Бірақ, Tolem картасы рәсімделмеген оқушылар тамақтан қағылады. Ол туралы мәлімет жүйеде көрінбей қалады. Ал асханадан бұрынғыдай ақшаға тамақтана беруге болады, – дейді Сержан Ақылбаев.

Previous Post

Білім сапасы басты назарда

Next Post

«ТАРИХИ ТҮРКІСТАН» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі