13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Білім сапасы басты назарда

26 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Білім сапасы басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі жекеменшік мектептердің білім беру сапасы шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің жіті бақылуында. Бүгінде ол Тассайда ашылған “Зияткер Тұран” мектебіне барды. Білім ошағы 816 орынға лайықталып, 3 қабатты типтік үлгіде салынған. Қазір мұнда 340 оқушы 1 ауысымда оқуда. Мұнда 260 балаға арналған асхана, акт залы, шеберхана, компьютер сыныбы, спорт зал, жалпы оқу кабинеттері қарастырылған.

Аралау барысында Мұрат Дүйсенбекұлы: “Кәсіпкерлердің білім саласындағы инвестициялары бұл салада бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Ал, бәсеке сапаны арттырары анық. Сапалы біліммен ғана саналы шәкірт тәрбиелей аламыз”,-деді.

Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру жүйесімен Шымкентте 31 225 оқушы 87 жекеменшік мектепте дәріс алуда. Ал мемлекеттік 151 білім ұясында оқитындар саны биыл 21 6735-ке жетті. Сонымен қатар, мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр. Соңғы екі жылда жеке инвесторлар жан басына қаржыландыру есебінен 50 мектеп 21 300 орынмен толықты. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныстарын білдіруде. Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал, сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешілетін болады.

Бұдан өзге, 2022 жылдың «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, бюджеттен 44,6 млрд.теңге қаржы бағытталып, бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар, білім ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмасы мен турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толығымен қамтылды. Ал, материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32% — дан 72 пайызға дейін артты. Ал оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.

Previous Post

Шымкентте «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы іске асуда

Next Post

Шымкенттегі білім ұяларының асханасы электрондық төлем жүйесіне көшуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі