13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

29 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі «Түркістан облысындағы кейбір білім беру мен мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» № 741 қаулысы шықты. Осы орайда, өңірдегі бірқатар нысандарға тарихи тұлғалардың есімдері берілді. Атап айтар болсақ, Арыс қаласындағы «№2 бастауыш мектебі» КММ-не Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі, «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не Мұхамеджан Тынышбайұлының есімі, Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Абайдың есімі берілді. Жетісай ауданындағы «№12 жалпы орта мектебі» КММ-не Әл-Фарабидің, «№ 58 жалпы орта мектебі» КММ-не Мырзақадыр Нұрбаевтың, Мақтаарал ауданындағы «№36 жалпы орта мектебі» КММ-не Әлихан Бөкейханның, «№ 9 жалпы орта мектебі» КММ-не Ахмет Байтұрсынұлының есімдері берілді. Сондай-ақ «А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-сі «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-сі болып бекітіліп, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне «Отырар» атауы берілді. Сауран ауданының «№13 жалпы орта мектебі» КММ-не Әшірбек Сығайдың, «№25 жалпы орта мектебі» КММ-не Сабыр Рахимовтың есімдерімен өзгертілді. Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Амангелді» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Майлықожа ақын атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып бекітілді. Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазақстанға 30 жыл» атындағы № 3 көп салалы мектеп-гимназиясы» КММ-сі «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы» КММ-сі болып, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Болашақ» мектеп-гимназиясы» КММ-сі «Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-сі болып, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Кезеңбұлақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Егемқұл Тасанбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болып өзгерді. Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Мыңшұңқыр» жалпы орта мектебі КММ-сі «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Сәдуақас Темірбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып, Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Екпінді» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі «Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі болып аталды. Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шорнақ» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі, «Майдантал» жалпы орта мектебі» КММ-сі «Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі болды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» БӘЙГЕ-МАРАФОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ 24 МЛН. ТЕҢГЕ АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі