13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

29 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі осылай деп хабарлайды.

1 қазан – Қарттар күні. Осы орайда, Түркістан қаласында 1 қазан күні – Қарттар күніне және Республикалық ардагерлер ұйымының құрылғанына – 35 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

«Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі» демекші, игі шараға еңбек ардагерлері мен кеңес мүшелері, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Мерейлі шарада қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ардагерлерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Ардагерлер кеңесі 35 жылдың ішінде ұйымдық тұрғыдан нығая түсті. Сіздер қоғам өміріне белсене араласып, халықтың береке- бірлігі жолында тер төгіп жүрсіздер. Қадірлі ардагерлер, баршаңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, күш-қуат тілеймін», — деді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков өз сөзінде.

Ардаргерлер кеңесінің құрылуы мен өркендеуіне жергілікті ардагерлердің сіңірген еңбегі орасан зор. Осы орайда, қоғамдық өмірде белсенділігімен ерекшеленген бір топ ардагерге арнайы мерекелік медаль тапсырылды. Серік Килибаев пен Серік Ахаевқа «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды. Мерекелік кеш қалалық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетсек, Ардагерлер ұйымы 1987 жылғы 21 наурызда құрылған. Бүгінде қоғамда өзіндік орны бар іргелі ұйым өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді атсалысып келеді.

Біле жүріңіз, Халықаралық қарттар күні — 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.

Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ, азық-түлік себеті, шипажайларға жолдама және тағы басқа. Сол секілді, егде жастағы жандарға арналып мерекелік концерт те ұйымдастырылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ ШЕКТІ ЖАСЫ 35 ЖАСҚА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛУЫ МҮМКІН

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі