13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 40-тан астам блок бекет алынып тасталды

15 января, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 40-тан астам блок бекет алынып тасталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысынан төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бірлігі мен тыныштығын сақтап қалған облыста коменданттық сағат тәртібі тоқтатылғандықтан блок бекеттердің де жұмысы аяқталуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекеніндегі блок бекетінің жабылу сәтіне қатысып, тәртіп сақшылары мен БАҚ өкілдерімен кездесті. Өңірдегі жағдайды саралады.

– Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Түркістан облысы мен Шымкент қаласында төтенше жағдай тоқтатылды. Соған байланысты біздің облысымыздағы қырықтан астам блок бекет алынып тасталады. Бірақ Жамбыл және Қызылорда облысымен шекаралас аумақтағы блок бекеттер әзірше қалады. Өйткені ол өңірлерде төтенше жағдай режимі әлі алынған жоқ. Ауданаралық бекеттің бәрі жұмысын тоқтатты. Тұрғындарға, жолаушыларға еркін жол жүруге мүмкіндік беріледі. Жалпы төтенше жағдай кезінде блок бекеттер арқылы біраз нәтижелерге қол жеткіздік. 30 мыңдай автокөлік тексерілді. Біразынан Алматы, Шымкент қалаларында болған оқиғаларға қатысқан, қару-жарақпен жүрген азаматтар ұсталды. Облыс бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған. Бейбіт шеруге қатысқандарға түсіндірме  жұмыстары жүргізілді, кейбіріне әкімшілік шара қолданылып, бәрі үйлеріне қайтарылды. Жағдай толығымен тұрақталды, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс басшысы дәстүрге сай ауданға сапар барысында жергілікті ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында өңір басшысы «Президентіміздің тапсырмасына сәйкес елімізде жанар жағармайдың бағасы тұрақталды. Ендігі кезекте қымбатшылыққа, жұмыссыздыққа қарсы іс-шараларды жандандыра түсуіміз керек. Әсіресе жастарды кәсіпкерлікке баулудың маңызы зор. Әрине жұрттың бәрі кәсіпкер бола алмайды. Бірақ жергілікті жастардың арасынан кәсіпкерлікке бейім жастарды іздеп тауып, олардың идеяларына қолдау білдірген жөн. Жастарға жағдай жасалса, олар да тұрғындарды жұмыспен қамтып, ел дамитын болады. Елімізде дамуға, еңбек етуге толық мүмкіндік бар. Ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде суды үнемдейтін тәсілдерді батыл жүзеге асыру қажет. Жалпы облысымызда газдандыру, инфрақұрылымын жақсарту жұмысы жүріп жатыр. Түркістан қаласына ағын су тарту көздерін таптық. Су қоймалары салынды. Бірлесіп жұмыс істесек, елдің де еңсесі тіктеле түсетіні анық» дей келе жергілікті тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен бірге елімізде коронавирус індеті қайта күшейгенін айтып, санитарлық талаптарды қатаң сақтау керектігін де атап өтті.

Ордабасылықтар ағын су, жұмыспен қамту және өзге де мәселелерді қозғады. Бірлік пен ынтымақтың туы тігілген Ордабасы өңірінің тұрғындары, ел ағалары ел тыныштығының маңызды екеніне тоқталып, облыста қолға алынған жобаларға сәттілік тіледі. Өңір басшысы осы күні аудан орталығында ашылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Оған жаңа технологиялардың көмегімен жүзеге асып жатқан мүмкіндіктер таныстырылды. Сондай — ақ облыс әкімі

Шұбарсу ауылындағы Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің жаңадан салынған 200 орындық оқу корпусымен танысты. Бұл мектеп ауылға Өзбекстаннан қандастардың көптеп көшіп келуіне және демографиялық өсімнің жоғарылауына байланысты жаңартылып, кеңейтіліп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облысында соңғы тәулікте 147 адамнан КВИ анықталды

Next Post

Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі