13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті

8 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Шымкентте «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» атты форум өтті.

Іс-шара Antikor ortalyǵy алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментімен ұйымдастырылды.

Форумға Департамент басшысы Шаттық Өтеев, қоғам қайраткері, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Шалатай Мырзахметов, арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Әсет Әссанди, кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  кеңесінің төрағасы Мелес Сейітжанов және кеңес мүшесі Владимир Накисбаев, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.

Форум барысында қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөліне, іске асырылып жатқан жобаларға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жою бойынша ынтымақтастыққа байланысты мәселелер талқыланды.

Алғы сөзінде Департамент басшысы Ш. Өтеев сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қалыптастырудағы қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

«Біздің басты мақсатымыз — қоғаммен жалпы азаматтарымыздың өмірін сыбайлас жемқорлықтан азат ету үшін тиісті жағдай жасау.

Бұл үшін азаматтық қоғамның серіктес ретінде қатысуы өте маңызды» — деп атап өтті Шаттық Өтеев.

Форум барысында БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлес қосқан қоғам белсенділері марапатталды.

Форум қатысушыларының пікірінше, бүгінгі іс-шара диалог алаңы болып табылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосымша серпін береді.

Previous Post

«Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым» атты кездесу өтті  

Next Post

Антикоррупционный форум состоялся в Шымкенте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі