13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда қамкөңіл балаларға арналған байқау өтті

30 ноября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда қамкөңіл балаларға арналған байқау өтті
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

№24 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде қамкөңіл балаларға арналған  «Ең ерекше жұлдыз — 2021» атты  қалалық байқау өтті. Аталған сайыста 5 мектептен келген 8 оқушы өзара бақ сынап, өнер көрсетті.

«Байқау бүлдіршіндердің көңілдерін серпілтуге арналды. Ерекше балалардың өнері мен  шығармашылықтары қашанда жоғары болатыны белгілі. Олардың қоғамнан шет қалмай, өздерін еркін сезінулері үшін ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да  дәстүрлі түрде өз жалғасын тапса деген тілегіміз бар. Демеушілік танытқан және де қолдау білдірген жандарға алғыс білдіремін»,- деді байқаудың ұйымдастырушысы,  М. Шоқай атындағы мектептің инклюзивті қолдау кабинетінің меңгерушісі  Ақтолқын Нұржауова.

Өз кезегінде бүлдіршіндер  «Мектептегі бір күнім» атты видеоролик, «Мен ең мықтымын» және  «Менің жұлдызды сәтім» сынды үш кезеңде білімдері мен өнерлерін көрсетіп бақты. Бұл сындарға балғындар өздерінің педагог мамандарымен бірге қатысты.

Айта кетейік, сайыс педагог-дефектолог мамандардың өзара  тәжірибе алмасуларына мол мүмкіндік берді. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегер өрендер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

«Көк тудың желбірегені» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Next Post

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі